«Малдардың асыл тұқымдық құндылығын бонитирлеу (бағалау) және өсімін молайту жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 3-3/517 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 19 шілдедегі № 301 бұйрығы

«Малдардың асыл тұқымдық құндылығын бонитирлеу (бағалау) және өсімін молайту жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 3-3/517 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 19 шілдедегі № 301 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Малдардың асыл тұқымдық құндылығын бонитирлеу (бағалау) және өсімін молайту жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 3-3/517 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9818 болып тіркелген, 2014 жылғы 24 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

бұйрықтың орыс тіліндегі атауына өзгерістер енгізіледі, мемлекеттік тілдегі бұйрықтың атауы өзгеріссіз қалады;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сүттілі және сүтті-еттілі бағыттағы ірі қара малдың асыл тұқымдық құндылығын бонитирлеу (бағалау) және өсімін молайту жөніндегі нұсқаулықта:

мынадай мазмұндағы 28-тармақпен толықтырылсын:

«28. Жас төлдерді алты айлық жасынан бастап бонитирлеуден (бағалаудан) өткізеді. Жас төлдердің сыныбын мынадай белгілер кешені: тірілей салмағы, дене түзілімі мен сырт пішіні, тұқымдылығы және шығу тегі (генотип), бұқашықтарды өз өнімділігімен бағалау,сүттілі және сүтті-еттілі бағыттағы ірі қара малды бағалау шәкілін осы Нұсқаулыққа 3-қосымшаға сәйкес белгілер кешені бойынша айқындайды.

Бонитерлеу жүргізу мезгілінде алты айға толмаған жас төлдерді әрі қарай асыл тұқымды мақсатта сатқан жағдайда бонитерлеуге (бағалауға) жол беріледі.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Еттілі бағыттағы ірі қара малдың асыл тұқымдық құндылығын бонитирлеу (бағалау) және өсімін молайту жөніндегі нұсқаулықта:

27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.